Жамбылдық полицелерге жаңа қызметтік көліктер табысталды
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбыл облысында тәртіп сақшыларының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай күшейтілді. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев облыстық Полиция департаментіне 88 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Жаңадан берілген заманауи техникалардың басым бөлігі тікелей қоғамдық тәртіпті күзетуге бағытталады. Автопарк қатары патрульдік полицияға арналған 60 «Skoda» көлігімен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға арналған 10 техникамен, эвакуаторлармен және аудандық бөлімдерге үлестірілген жаңа автобустармен толықты.
Бұл бастама өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыруда маңызды қадам болмақ. Көрсетілген қолдауға алғыс білдірген Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев материалдық әлеуетті күшейту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын атап өтті.