Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мектеп бітіру кештеріне тыйым салынады

0 63

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
2025-2026 оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес:
– Кештер мен банкеттер өткізуге;
– Автокортеж ұйымдастыруға;
– Таңды қарсы алу шараларын өткізуге;
– Алау жанында іс-шара өткізуге;
– Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда бітіру кештерін ұйымдастыруға;
– Демалыс базаларында және табиғат аясында салтанатты шаралар өткізуге;
– Бітіру іс-шараларына байланысты оқушылардан, ата-аналардан немесе заңды өкілдерден ақша жинауға;
– Сыйлықтар, жарналар және өзге де материалдық құндылықтар жинауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Сонымен қатар:
– Аттестат пен диплом табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабыр- ғасында өткізілуге тиіс;
– Іс-шаралар білім алушылар мен ата-аналарға қаржылық шығын келтірмеуі қажет;
– «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттайтын тәрбиелік және мәдени-ағартушылық шаралар ұйымдастырылуы керек;
– Мектеп әкімшілігі, педагогтар, ата- аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуге тиіс;
– Бітіру кештерін өткізу мен заңсыз ақша жинаудың алдын алу білім беру ұйымдары басшыларының тікелей міндетіне жатады.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.