Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Киелі өлкенің тарихы таныстырылды

0 14

Тараз қаласында «Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады.
Форум аясында шетелдік және отандық делегация мүшелері көне Тараздың тарихи-рухани мұраларымен танысты. Қонақтар қазақ халқының бай тарихынан сыр шертетін қасиетті орындар – Қарахан кесенесі мен Айша бибі кесенесіне арнайы барып, өңірдің терең тарихи-мәдени құндылықтарына қанықты.
Делегация өкілдеріне Жамбыл облысының көне тарихы, ортағасырлық сәулет өнері мен рухани мұрасы жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Қонақтар киелі орындардың ел тарихындағы орны мен маңызына ерекше қызығушылық танытты.
Халықаралық жиынға Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен Аналар кеңесінің төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінен келген делегациялар қатысуда. Сонымен бірге форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері атсалысуда.
Жиын барысында отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау, ұрпақ тәрбиесі және саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқылануда.
Форум қорытындысында қатысушылардың пікірінше, бұл алаң өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, рухани-мәдени байланыстарды арттыруға және қоғамдық келісімді дамытуға ықпал етпек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.