«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала көшелері мен мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерде заңсыз есірткі жарнамасы бар граффити жазуларын өшіру акциясы өтті.
Аталған акцияға Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының волонтерлары мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Акция барысында бірнеше сағат ішінде қала аумағындағы тұрғын үйлердің қабырғаларындағы 100-ден астам жазба мен 30-ға жуық граффити жазбалары өшірілді.