Тараз қаласы, Жібек жолы ауданының «Жалпақтөбе» алабындағы В.Чкалов атындағы орта мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Салтанатты жиынға Тараз қаласы Жібек жолы ПБ ӘПБ бастығы, полиция подполковнигі Д.Турлыбаев, ӘПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Т.Сайлаубаев қатысып, жас өрендерге сәттілік тіледі.
Шарада білім ордасының 7 «А» сыныбының 26 оқушысы Ант қабылдап, куәліктерін алды. Жиынды 5513 әскери бөлімшенің оркестрі сүйемелдесе, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік бағдарламаны толықтырды.
Мектепте «Жас сақшы» сыныбына арнайы кабинет жабдықталып, «Егеменді ел батырлары» бұрышы жасақталған. Сынып оқушыларының тізімі ілініп, ережелері көрсетілген. Кабинетпен танысу барысында Жібек жолы ПБ ӘПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Әміребек жас сақшыларға құқықтық сауаттылық бағытында аптасына бір рет арнайы сабақтар өткізілетінін атап өтті.
Аталған бастама – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жол жүру ережелерін насихаттауға бағытталған үлгілі жоба.