Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тастөбе ауылында жаңа спорт нысанының құрылысы басталды

0 18

Тастөбе ауылдық округінде жаңа спорт нысанының құрылысы қолға алынды. Аталған жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындары үшін дене шынықтырумен айналысуға қолжетімді жағдай жасауға бағытталған.

Құрылыс жұмыстарын «Albe 94 Group» компаниясы жүзеге асыруда. Жаңа нысан бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды алаңға айналып, ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға, заманауи жағдайда жаттығуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Тастөбе ауылында жергілікті және аудандық деңгейдегі жарыстарды өткізуге жол ашылады. Бұл өз кезегінде ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын насихаттауға тың серпін береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.