Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Білім бәсекесіндегі биік белес

Жамбылдық оқушылар көш бастады

0 12

Елімізде өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиада жас дарындардың білім деңгейін тағы бір мәрте айқындады. Бірнеше өңірді қамтыған беделді додада Жамбыл облысынан барған 29 оқушының басым бөлігі жоғары нәтиже көрсетіп, 18-і жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, қатысушылардың жетеуі қарсыластарынан оза шауып, бірінші орынға табан тіреді. Төртеуі екінші орынды иеленсе, жеті оқушы үшінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек, үш білімпаз ерекше дайындық деңгейімен танылып, арнайы марапатқа лайық деп танылды. Жалпы нәтиже командалық есепте көш бастауға мүмкіндік беріп, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша бірінші орынға шығуға жол ашты.

Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша өткен сайыста да лайықты көрсеткіш тіркелді. Бұл бағытта бақ сынаған 37 оқушының 16-сы жүлдегерлер қатарынан табылып, өңір абыройын асқақтатты.

Бұл жетістіктер кездейсоқ емес. Оның астарында ұзақ дайындық, жүйелі жұмыс және ұстаздардың қажырлы еңбегі жатыр. Оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі де маңызды рөл атқарды.

Осындай жеңістер жас ұрпақтың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді. Ал бұл – ел болашағының сенімді қолда екенінің айқын белгісі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.