Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Өңдеу саласы – экономиканың жаңа тірегі

0 59

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша экономика құрылымында көрініс беріп отырған ең басты өзгеріс – өңдеу өнеркәсібінің рөлінің күшейе түскені.

Мұнай өндіру құлдыраған шақта (өнеркәсіп өндірісі индексі – 88,6%) қайта өңдеу саласы 108,5%-бен сенімді өсім көрсетіп отыр. Десе де, бұл өсімнің бірнеше принципті сипаты бар. Біріншіден, ол – әртараптандырылған.

Бірнеше сегмент бір мезетте бірге өсіп отыр. Машина жасау – +21,9%-ға, құрылыс материалдарын өндіру – +37,1%-ға, тамақ өнеркәсібі – +12,6%-ға, сусындар – +10%ға артты.

Екіншіден, ол инвестициялық тұрғыдан қолдау тауып отыр. Мысалы, негізгі капиталға инвестициялар индексі 106,4%-ды құрады, бұл ретте жекелеген өңірлерде өсім анағұрлым жоғары. Айталық, Жамбыл облысында – 171,6%, Түркістанда – +71,2%.

Үшіншіден, ол аймақтық базаға ие. Жан-жақты өсім Алматы, Астана және Шымкентті қоса алғанда, көптеген облыстар мен ірі қалаларда тіркелуде. Бұл қайта өңдеу саласы ішінара бой көрсеткенді тоқтатып, экономиканың жүйелік элементіне айналды деген сөз. Іс жүзінде ел ішінде өндірістен бастап логистикаға және одан әрі тауарды өткізуге дейінгі қосылған құн тізбегі қалыптасып келеді. Ал бұл дегеніміз – экономикалық модельдің сапалық өзгеше деңгейі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.