Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда республикалық театр фестиваль-байқауы өтуде

0 64

Фестиваль-байқауды жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына және 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Байзақ ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйі ұйымдастыруда.

Республикалық театр байқауы қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер – Асқар Тоқпановтың ескерткішіне гүл қою рәсімімен бастау алды.

Ашылу салтанатын Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ақжарма тілегімен ашты.

«Баршаңызға театр өнеріне, елге, халыққа қызмет ету жолында зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа табыстар тілеймін! Бүгінгі халық театрлары арасында өтетін республикалық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне және қатысушыларға сәттілік тілеймін! Өңіріміздің мәдениеті өркендеп, театр өнері әрдайым жаңа белестерді бағындыра берсін», – деді Ерлан Нұрманұлы.

Сондай-ақ Байзақ аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қалмұхамбетұлы да қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген 10 халық театры қатысуда. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының «Үштаған», Түркістан облысының «Келес», Абай облысының «Ақсуат», Батыс Қазақстан облысының «Тасқала», Қарағанды облысының «Ақтоғай», Қызылорда облысының «Шиелі», Алматы облысының «Кеген», Жетісу облысының «Мұқыры» халық театрлары, сондай-ақ Жамбыл облысының Жуалы ауданынан «Мыңбұлақ» және Талас ауданынан «Талас» халық театрлары өнер көрсетеді.

Байқау шымылдығын Абай облысының «Ақсуат» халық театры Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» қойылымымен ашты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.