Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жасыл болашақ бүгіннен басталады

0 49

19 наурыз – Жаңару күні – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын білдіретін, адам санасы мен қоғам өмірінде серпіліс әкелетін ерекше мереке.

Тараз қаласы білім бөлімі және Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен аталған мерекеге орай №66 «Келешек» мектебінің ауласында «Жасыл болашақ» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.

Игі шараға 9-сыныптың 101 оқушысы және педагогикалық ұжым қатысып, мектеп аумағына жалпы саны 66 түп жеміс ағашын, 360 түп көктерек, 30 түп шырша көшеттерін отырғызды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.