Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, сондай-ақ Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, Конституциялық комиссия және Жалпыұлттық коалиция өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Құрмет қарауылы жаңа Конституцияны ортаға алып шығып, Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық референдумның қорытындысын жариялады.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және оны іске асыру жөніндегі 2026 жылғы 15 наурыздағы Жарлыққа қол қойды.
