Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай жұбайымен бірге №35 референдум учаскесінде дауыс берді.
Кенжебек Мамашбайұлы бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап айтты.
— Бүгінгі референдум – мемлекетіміздің дамуына ықпал ететін маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы керек. Бұл – бәрімізге ортақ жауапкершілік, – деді Кенжебек Олжабай.