Қызылқайнар ауылына қарасты №149 сайлау учаскесінде бүгін дауыс беру басталысымен ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасауға келуде.
Учаскеге алғашқылардың бірі болып ауыл тұрғыны Нармина Амирханова келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, бұл – ел болашағы үшін жасалған маңызды қадам.
Бүгінде ауыл тұрғындары белсенділік танытып, референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.
