Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда Амал мерекесі аталып өтті

0 82

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Көрісу күні кең көлемде аталып өтті.

Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, Амал мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Іс-шара барысында мәдениет үйінің жастар театры мен «Дулати» халықтық студенттік – жастар театрының бірлескен қойылымы көпшілік назарына ұсынылып, қариялар ақ батасын берді.

Сонымен қатар жергілікті өнерпаздар әсем әндерді шырқап, мерекенің шырайын келтірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.