Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Аруларға мерекелік арнаулар

0 96

Айгерім АЛТЫНБАЕВА,
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы

Болашағын ойлайтын тек баланың,
Ұстаздардың көңілін де табатын.
Қызметін мұғалім боп бастаған,
Бүгіндері бас ұстазы қаланың.

Басыңызда тұрса дейміз бақ тұнып,
Жолыңызда жолықса екен сәттілік.
Ахметтің ізін басқан Айгерім,
Ата-ананың тілейтіні – жақсылық.


Зухра МЫРЗАЛИЕВА,
Тараз қалалық ішкі саясат бөлімі қоғамдық-саяси және бұқаралық
ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі

Жұмысымен жаға білген жұртына,
Еңбек ету деген осы ұлтына.
Тіршілігі ақпаратпен басталып,
Тілшілердің тілін тапқан Зухра.

Ренжімей, өкпелемей, бір үнсіз,
Елге еңбек еткен жансыз тынымсыз.
Әйел деген әдебімен әдемі,
Әдемісіз, ортаңыздың гүлісіз.


Оксана БОРИСЮК,
Тараз қаласы әкімдігі дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы

Әнұранды асқақтатқан Оксана,
Жапондарды таңғалдырған Оксана.
Жарыстардан қоржыны бос келмеген,
Кеудесіне алтын таққан Оксана.

Елің үшін еңбек еттің жан сала,
Чемпиондар шықты бізден қаншама.
Көне шаһар сізге сенім артады,
«Жаңа тарих жазады» деп Оксана.


Наргиза ТӨРЕҚҰЛ,
«77 TV» телеарнасының Тараз
қаласындағы директорының орынбасары

Өмір деген осынау кең арнада,
Қол созып өседі адам көп арманға.
Бала арманың жетелеп биіктерге,
Жас болса да бас болдың телеарнаға.

Ойыңда жаңа идея, жаңа талап,
Бойыңда сабыр, сенім, бар қанағат.
Ең үлкен марапатың сол болады,
Ел мұңын айтып, содан алсаң мадақ.


Шолпан ОРАЗБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі
медиа орталығының әлеуметтік медиа маманы

Тілші болып тірлік жолын бастаған,
Үнпарақта тәжірибесі бар маман.
Әлеумет пен әкімдердің арасын,
Медианың мінберінде жалғаған.

Жүзі сұлу ай жарқырап толғандай,
Несібесі арта берсін ортаймай.
Сөзі сұлу, жарқыраған Шолпан қыз,
Өзі сұлу таңда туған шолпандай.


Альбина ТҰРҒЫНБАЙ,
Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығының
«Адалдық алаңын» талдаушы

Арасында билік пенен халықтың,
Көпір болып еңбегіңді таныттың.
Бұқараның базынасын тыңдадың,
Өз ортаңда секілдісің жарық күн.

Әлеуметтік желідегі хат-хабар,
Хат-хабарды Альбина қыз ақтарар.
Жұмысына шаһар жұрты сүйсінер,
Қазағыңның аруы бол мақтанар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.