Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдық мерейтойына орай «Қаламы – тағдыр, тағдыры – тарих» атты әдеби портрет кеші ұйымдастырылды.
Бұл рухани шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің шығармашылығын насихаттауға, қаламгер мұрасын жас ұрпаққа танытуға бағытталды. Кеш барысында жазушының өмір жолы, тарихи тақырыптарды терең қозғаған туындылары мен ел тағдырын арқау еткен шығармалары кеңінен сөз болды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиетшілер, оқырмандар мен жастар қатысып, қаламгер шығармаларынан үзінділер оқылып, естеліктер айтылды. Сонымен қатар жазушының әдебиеттегі орны мен ұлт руханиятына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Мұндай тағылымды кештер ұлт әдебиетін дәріптеп, тарихи сананы жаңғыртуға үлкен үлес қосады.