Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» әдеби байқауы өтті

0 248

21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты әдеби байқау өтті.
Шараның мақсаты – оқушылар мен қатысушыларды ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу, сөз мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болды.
Байқау барысында қатысушылар ана тіліне қатысты түрлі тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Олар тіл туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, көркем сөздің құдіретін танытты.
Қатысушылардың тапқырлығы мен шеберлігі әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер марапатталды.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.