Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Коалиция мүшелері перинаталдық орталық ұжымымен кездесті

0 50

Бүгін «Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» атты коалиция мүшелері М. Жұманқұлов пен С. Жетібаев Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері қатысушыларға Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары мен мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, енгізіліп отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Олар ұсынылып отырған түзетулердің басты мақсаты – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сондай-ақ елдегі демократиялық қағидаттарды одан әрі дамыту екенін атап өтті.

Жиын барысында медицина қызметкерлері жаңа конституциялық нормалардың әлеуметтік салаға, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне тигізер ықпалы жөнінде пікір алмасты. Спикерлер Конституциядағы өзгерістердің әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсартуға және сала қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталғанын жеткізді.

Кездесу ашық форматта өтіп, ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар Конституция жобасына енгізіліп отырған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, мұндай түсіндіру жұмыстарының халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы рөлі зор екенін білдірді.

Шара соңында ұйымдастырушылар медициналық ұжымға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.