Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында «Жас сақшы» жаңа сыныбы ашылды

0 57

Жамбыл ауданының Гродеково ауылдық орта мектебінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «Жас сақшы» бейіндік сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жиынға Жамбыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мадияр Қожахметов, Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Әбдібеков, аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.

Оқушыларға арнаған сөзінде Мадияр Қожахметов «Жас сақшы» жобасы жастарды заңға құрметпен қарауға, тәртіпті дамытуға және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Сабақ аясында оқушылар заңнама негіздерімен танысып, полиция органдарындағы қызметтің ерекшеліктері және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының қызметі туралы білетін болады.

Сыныпқа іріктеліп алынған оқушылар салтанатты жағдайда ант берді, бұдан кейін оларға жобаға қатысушылардың арнайы куәліктері табысталды. Іс-шара әскери оркестрдің ұйымдастырумен өткізілген концерттік бағдарламамен аяқталды.

«Жас сақшы» жобасын іске асыру өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті дамытуға, заңнамаға деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ мектептер мен полиция бөліністері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.