Қалалық қоғамдық-саяси газет

Грант аясындағы жұмыстар қорытындыланды

0 276

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты грант аясында атқарылған жұмыстарын баяндады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы ел өміріндегі маңызды оқиға болды. Тараз қаласының 45 мыңнан астам ардагері Президент Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдады.

Грант аясында бес бастаманы мониторингілеу мақсатында сарапшылар тобы құрылып, олар зерттеу бағдарламасы және оның құралдарын әзірлеп, 17 өңір бойынша ұсыныстарды мемлекеттік органдарға жолдапты. Бастамалардың орындалуы бойынша Жамбыл облысы бойынша 9 мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығынан бес бастама бойынша сұхбаттар алынған. ОларYouTube арналарында жарияланып, осы күнге дейін 2000-нан аса адам ақпараттандырылған екен. Сондай-ақ облыс көлемінде «Жасырын тұтынушы» жобасы арқылы 34 мекемеде мониторинг жүргізіліп, 11 кемшілік анықталыпты. Оның ішінде халықты көп мазалайтын мәселенің бірі — «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» кеңес алу үшін 4-5 сағаттық кезекте тұру. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік мекемелерге хат жолданып, жауаптары алынған. Сонымен қатар өңірде әлеуметтік бастаманың әр бастамасы бойынша жеке-жеке сауалнамалар жүргізіліпті.
– Қоғамдық мониторинг жүргізу барысында J-Reception.kz сайты арқылы тұрғындардың ұсыныстары, пікірлерін, өтініштері мен сұрақтарын жолдау үшін интернет қабылдау желісі қосылып, жоба басталғаннан бүгінгі күнге дейін 53 сұрақ қабылданып, мүдделі органдарға жолданып жауаптары алынуда. Азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бейнеролик әзірленіп, 5 бұқаралық ақпарат құралында жарияланып, 175 000 мыңнан астам қаралым жинады. Қорыта келгенде, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы — негізінен әлеуметтік жоба болып отыр. Оның барлық пункттерінде қатардағы азаматтардың әл-ауқатын, болашаққа деген сенімін арттыру мақсаты тұр. Жоба аясында қоғамның барлық топтары қамтылды. Жобаның қорытындысы ретінде Әлеуметтік бес бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірбиелік конференция ұйымдастырылды, – дейді Исламбек Дастан.
Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» гранты туралы да тілге тиек етті. Оның айтуынша, гранттың мақсаты республикалық және өңірлік БАҚ-тарда жариялауды қамтамасыз ете отырып, бейнероликтер қатарын, танымал интернет-ресурстардағы мақалалар сериясын, баспа материалдарын және басқаларды қоса алғанда, әртүрлі инновациялық әдісті пайдалана отырып, ақпараттық материалдарды әзірлеу және жылжыту арқылы халықтың хабардар болуын арттыру екен. Аталған грант аясында Қоғамдық кеңестер және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар туралы 2 бейнеролик дайындалып, Қоғамдық кеңестер, еріктілер, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар туралы ақпараттарды орналастырылыпты. Бұдан өзге елімізге танымал медиа-тренерлердің жетекшілігімен қпараттандыруда қолданылатын инновациялық әдістер туралы онлайн курстар өткізілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.