Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа және орта мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз!
Қысқа мерзімді гранттар саны: 4
Орта мерзімді гранттар саны: 1
Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
- Ардагерлерді қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу
- Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін дамыту және нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру
- Этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру
- Отбасы институтын нығайтуға және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізу
- Тараз қаласында тұрғындардың әлеуметтік мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізу
Өтінім қабылдау мерзімі:
- Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы 9 ақпан мен 27 ақпан аралығында сағат 18:30-ға дейін;
- Орта мерзімді гранттар бойынша 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы 9 ақпаннан 6 наурызға дейін сағат 18:30-ға дейін.
Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.
Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты cisc.kz сайтынан «Гранттар»⇒«Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.
☎️Байланыс үшін:
- +7 (702) 984 98 06
- +7 (7172) 79 04 31
- +7 (7172) 79 08 07