Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Барлығы үшін маңызды!

0 46

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауды жалғастыруда. Партияның аймақтық филиалдарының өкілдері кездесу, пікірталас ұйымдастырып қана қоймай, дөңгелек үстелдерге және осы мәселеге арналған іс-шараларға атсалысуда.

ҚХП Павлодар облыстық филиалы төрағасының м.а. Әлімбек Ағыбаев өңір белсенділерімен бірге жергілікті Достық үйінде өткен реформаларды талқылау шарасына қатысты.

4

Іс-шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Асайын Байханов құжат азаматтардың, партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың пікірлерін ескере отырып әзірленгенін, барлығы 2000-нан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтті. Жиында реформаның тарихи маңыздылығы мен әрбір азамат үшін практикалық мәнінің зор екені айтылды. ҚХП мүшелері Конституцияның жобасын толық қолдайтындарын және оны түсіндіру мен қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

3

– Жаңа Конституцияның жобасы құқық пен бостандық аясын кеңейтеді, заң үстемдігін нығайтады, саяси жүйені жаңғыртады және алғаш рет «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының құндылықтары мен «Заң мен тәртіп» қағидатын бекітеді, – деп мәлімдеді талқылауға қатысушылар.

ҚХП Жамбыл облыстық филиалында партияның белсенділері жаңа Конституцияны ой елегінен өткізді. Кездесуді филиал төрағасының орынбасары Болатбек Көлтаев ашты. Өз кезегінде филиал төрағасының м.а. Рахман Аққозиев жаңартылған құжаттың негізгі тармақтарын түсіндірді. Жиында Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Елдос Далабай мен Азамат Лесбек спикер ретінде сөз сөйледі. Олар жобаға енгізілген өзгерістерге тоқталып, негізгі баптарға түсініктеме берді. Талқылауға партия белсенділері қатысты.

1

– Қатысушылар талқыланған мәселенің маңыздылығын түсінді, – деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушылары. – ҚР Конституциясын қабылдауға деген қызығушылық Ата заңымызды жаңарту уақыт талабы екенін көрсетті. Қазақстан халқы оң өзгеріс күтіп отыр.

2

Осыған ұқсас кездесу ҚХП-ның Шымкент қалалық филиалында өтті. Кездесу барысында партия белсенділеріне Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, партияның ұстанымы мен көзқарасы таныстырылды. Сонымен қатар конституциялық өзгерісті іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі талқыланды.

5

6

– Мұндай кездесулер партия активінің құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді партия өкілдері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.