Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!..»

0 96

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханада қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға!..» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кештің негізгі мақсаты ақынның бай да мәңгілік рухани мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, поэзияның құдіреті арқылы көрермен жүрегіне жол табу, сондай-ақ Мұқағали жырларындағы махаббат, өмір, адамгершілік, отансүйгіштік тақырыптарының терең мағынасын таныту болды.
Шара барысында ақынның жүректен шыққан сырлы өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Қатысушылар Мұқағали поэзиясындағы шынайы сезім, адам жанының тазалығы мен өмірге деген құштарлықты терең сезініп, рухани әсер алды. Әдеби-әуенді композициялар көрерменді ақынның сырлы әлеміне жетелеп, ұлт руханиятына деген сүйіспеншілікті арттырды.
Аталған шара жас ұрпақтың көркем әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын оятып, Мұқағали Мақатаев шығармашылығының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.