Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 382 қаулысына сәйкес, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері жылына 2 рет қамқоршыларды тәрбиелеуге бөлінген қаражаттың жұмсалуы туралы есеп тапсыруға міндетті.
Осыған сәйкес, 2026 жылғы 15 ақпанға дейін 2025 жылғы есепті Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесінің бұрылысы, №14 мекенжайына ұсынуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефоны: 54-47-09.