Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Гидротехникалық нысандар сенімгерлік басқаруға беріледі – Ұлттық құрылтай

0 250

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына гидротехникалық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесін шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадам ірі су нысандарының тиімділігін арттыру үшін жасалатынын баса айтты.

– Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры гидротехникалық объектілердің тиімділігін арттыру үшін оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселені шешу керек. Көлік-логистикалық кешен де өзіне мұқият назар аударуды талап етеді. Бұл сала дамымай экономиканың тұрақты өсуі мүмкін емес. Қазақстанның транзиттік әлеуеті орасан. Бірақ оны толық ашу үшін көп жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.