Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қыз алып қашу — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс — Мемлекет басшысы

0 254

Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Қыз алып қашу — адам ұрлау деген сөз. Бұл — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп — бәріне ортақ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс екенін атап өтті.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.