Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Штаб отырысында жылыту маусымының барысы қаралды

0 84

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жылыту маусымының өту барысы бойынша штаб отырысын өткізді.

Дайындық жұмыстарының аяқталуы мен түнгі мезгілде ауа-райының салқындауына байланысты қала әкімінің 2025 жылдың 3 қазанындағы №54-ө өкіммен білім беру және денсаулық сақтау нысандарына қазан айының 6-сынан бастап, ал көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқада нысандар қазан айының 9-ынан бастап тұрақты жылу берілуде.

Бүгінгі таңда жылыту маусымының 98-ші тәулігі өтті. Барлық жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Сондай-ақ барлық кәсіпорында апаттық топтар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Жиын барысында қала әкімі жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы кәсіпорындарға тәуліктік кезекшілікті тұрақты ұйымдастыру, қазандықтардың қалыпты жұмысын қатаң бақылауда ұстау, сондай-ақ әлеуметтік нысандарда басшылардың кезекшілігін үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаладағы барлық коммуналдық қызметтерге жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтату және арнайы техникаларды қажетті жанар-жағар май қорымен қамтамасыз ету міндеттелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.