Жақында Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген еді. Сапары барысында Президент әскери мамандандырылған мектептің ашылуына қатысты. Сонымен қатар облыс жұртшылығымен кездесу барысында аталған білім ордасына Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Бұл жайында Мемлекет басшысы жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да атап өтті.
– Жуырда Тараздағы мамандандырылған әскери мектепке бардым. Онда әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасылардан шыққан балалар оқиды. Бұл – жақсы бастама. Мен осы мектепке аты аңызға айналған батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беру туралы шешім қабылдадым. Облыс орталығының бәрінде осындай мектеп ашу туралы тапсырма бердім. Бұл білім мекемелерінде бүкіл еліміз мақтан тұтатын сардарлар мен генералдар тәрбиеленіп шығатынына сенімдімін.
Аталған тапсырма аясында аталған әскери мектепке Б.Момышұлының есімі берілді.