Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сағындық Ордабеков. «Біздің сүйікті дәрігер»

0 94

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әпбебап кітапханада қазақ медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға – ғалым, дәрігер-хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Журналистер одағы мен Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағындық Ордабековтің 75 жасқа толуына арналған «Біздің сүйікті дәрігер» атты салтанатты құрмет кеші өтті.
Кеш барысында тұлғаның өмір жолы мен ғылымға, медицинаға қосқан зор еңбегі туралы деректер ұсынылып, қатысушылар әйгілі дәрігердің кәсіби және адамгершілік қырларын тереңірек тануға мүмкіндік алды.
Шараға зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.