Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облыстық көпбейінді орталық ауруханасында ішек қабыну аурулары орталығы ашылды

0 71

Облыста медициналық ұйымдарды жаңғырту бағдарламасы аясында іске қосылған бұл жаңа орталықтың ашылу салтанатында сөйлеген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек ішек қабыну ауруларын ерте диагностикалаудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, заманауи диагностикалық әдістер мен озық емдеу технологияларын енгізу өңірдегі гастроэнтерологиялық көмектің тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Жаңа орталықтың жұмыс бастауын аймақтың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды стратегиялық қадам деуге болады. Ол Жамбыл облысы тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолжетімді етуге, дер кезінде анықтау мен сапалы емді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталықта заманауи эндоскопиялық, зертханалық және бейнелеу диагностикасының әдістері қолданылып, ішек қабыну аурулары бар пациенттерге кешенді, көпсалалы көмек көрсетілетін болады.
Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру, жаңа клиникалық хаттамаларды енгізу және халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету жоспарланған.
Бұл бастама – өңірдегі гастроэнтерологиялық қызметтің дамуына тың серпін беріп, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.