Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Ата-аналар қолдауынан – қауіпсіз балалық шаққа

0 97

Жамбыл облысында балалар мен жасөспірімдердің эмоционалды хал-ахуалына қатысты алаңдатарлық жағдай сақталып отыр. Өткен бір жылдың ішінде 26 жасөспірім суицид жағдайы тіркелген. Бұл – психологиялық қолдаудың уақытылы көрсетілуінің және алдын алу шараларын жүйелі күшейтудің аса қажеттілігін айқын көрсеткен көрсеткіш. Әсіресе, ауылдық жерлердегі балалар көмекке қолжетімділіктің шектеулілігіне байланысты әлдеқайда осал топ болып қалып отыр.

Осыған оарй Тараз қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында «Ата-аналар қолдауынан – қауіпсіз балалық шаққа» атты балалар мен жасөспірімдердің эмоционалды саулығын нығайтуға бағытталған өңірлік оқыту бағдарламасының сессиялары басталды. Бағдарлама «Ауыл» партиясының бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау және ҚР Оқу-ағарту министрліктерінің серіктестігі аясында жүзеге асуда.

Жамбыл облысы бойынша «Ауыл» партиясы филиалының төрағасы Нұржан Муслимовтың айтуынша, ауылдағы әрбір баланың амандығы мен қауіпсіздігі -партияның негізгі басымдығы. Сондықтан «Ауыл» партиясы балалардың эмоционалды және психологиялық әл-ауқатын қорғауға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдап, сол бағытта жүйелі жобаларды жүзеге асырып келеді.

Бұл өңірлік оқыту кезеңі Кызылорда облысындағы алғашқы сессиялардан кейін жалғасын тауып отыр. Онда қатысқан мамандар жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге деген үлкен сұраныстың бар екенін және кадрларды даярлаудың маңызын атап өткен болатын.

Бағдарлама аясында мектеп психологтары мен мастер-тренерлер «Проблемаларды басқару плюс» (УП+) әдістемесі бойынша оқытылады. Ал мектеп директорлары мен әкімшілік өкілдері үшін «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» (ШСУЗ) моделі негізінде қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құру жөнінде арнайы тренингтер өтеді.

Жамбыл облысында оқыту сессияларының іске қосылуы-«Ауыл» партиясының, ДДСҰ-ның, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті білім және әлеуметтік қызметтер мекемелерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Бұл бастама -ауылдық аймақтардағы балалар мен жасөспірімдердің эмоционалды қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.