«Әлем» кәсіби білім беру колледжінде Қазақ хандығының 560 жылдығына орай «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз» атты тарихи деректер кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақ хандығының құрылу кезеңін, мемлекетіміздің қалыптасу тарихын және қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын терең таныстыру, жастардың тарихи санасын қалыптастыру болды.
Кеш барысында студенттерге тарихи деректер, архивтік материалдар, Қазақ хандығы дәуірінің маңызды оқиғалары мен тұлғалары жөнінде мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен бірге, қатысушылар ұлттық бірлік пен елдік дәстүрдің мәні туралы тағылымды пікірлермен бөлісті.