Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Мектеп пен ата-ана қатынасының жаңа форматы

0 137

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ата-аналар форумының қорытындысы бойынша қаланың барлық мектептерінде осы форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды.
Осыған орай, кезекті форум №55 мектепте «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Форумның негізгі мақсаты – білім беру және тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау, ата-аналар мен педагогтар арасында тәжірибе және ұсыныстармен бөлісу, сондай-ақ білім беру ұйымы мен ата-аналар қауымдастығы арасындағы тиімді серіктестікті нығайту .
Осындай форматтағы ашық диалогтар білім сапасын арттырып, оқушылардың жан-жақты дамуына ортақ үлес қосуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.