Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану
Құрметті қала тұрғындары! Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану» мемлекеттік көрсетілетін қызметін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
Спорт түрінен аккредиттелген ұлттық спорт федерациясы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындар біткен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті федерацияның мөрімен расталған Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және халықаралық федерацияның жарыс хаттамасын немесе ресми шешімін береді.
ЖАО 3 жұмыс күні ішінде Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне оларға тұрғынжай берілетіндігі туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 1 ай ішінде құжаттардың топтамасын ұсына отырып, өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінеді.
Қызметтің көрсетілу мерзімі:
1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) ай;
2 кезең: тұрғынжайды беру – көрсетілетін қызметті алушыдан оң жауап алған сәттен бастап 3 (үш) айды құрайды.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
– Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі немесе «www.egov.kz» портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
– Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/tsm?lang=ru «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.
А.АЛИМБЕТОВА,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің
басшысы