«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау барысы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер сөз болды.
Осы бағыттағы жұмыстар туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков есепті баяндама жасап, қаладағы атқарылып жатқан істерге тоқталды. Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасында қалаға 62 көрсеткіш белгіленген. Оның 42-сі 2025 жылға жоспарланған. 2024 жылға тиесілі 42 көрсеткіштің 29-ы орындалып, қалған 10-ы жыл соңына дейін орындалмақ.
Кеңес барысында кеңес мүшелері тарапынан жол жөндеу, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандар құрылысы сынды мәселелер көтеріліп, нақты жауаптар берілді. Қала әкімі бұл бағытта жұмыстар жалғасатынын және шешімін табатынын атап өтті.