Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов аймақтың имамдарымен кездесу өткізді. Жиынға имамдардан бөлек, ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, сала мамандары қатысты.
Басқосу қоғамдағы Заң мен тәртіп қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және зайырлы мемлекет ұстанымдарын берік сақтауға арналды. Сонымен қатар бала тәрбиесі де сөз болды.
Бұдан бөлек, кездесуде Мемлекет басшысының ішкі саясаттағы жаңа қағидаттары кеңінен талқыланып, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауда дін өкілдерінің маңызды рөлі атап өтілді. Имамдар қоғамда ізгілік пен әділдікті насихаттаудың алдыңғы шебінде жүрген тұлғалар ретінде жастар тәрбиесі, отбасы құндылықтары және діни төзімділік мәселелерінде белсенді ұстаным таныту қажеттігі айтылды.
