Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Су ресурстары және ирригация министрі – Байзақ ауданында

0 500
Қазіргі таңда су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып отыр. Суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологиясын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру – күн тәртібіндегі өзекті міндет.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов іссапармен Байзақ ауданына келіп, алдымен «Сеңкібай» және «Өтеміс» каналдарының вегетациялық кезеңіне дейін жүргізілген құрылыс жұмыстарымен танысты. Содан соң «Сеңкібай», «Белходжа», «Өтеміс» каналдарындағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көрді.
Аудандағы каналдарды жөндеуге қатысты жұмыстарды өз көзімен көріп, мағлұмат алғаннан кейін аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде “Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу бойынша” 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған кестеге сәйкес, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің комитет төрағасы, департамент директорлары, директордың орынбасарлары, басқарма басшылары, «Шу-Талас» бассейндік су инспекциясы мен «Қазсушар» РМК басшысы мамандарымен, аудан әкімінің орынбасарлары мен жауапты мамандар, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалығы иелері қатысты.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Әлінің кіріспе сөзімен ашылған кездесуде “Шу-Талас” бассейндік су инспекциясының басшысы Талғат Ибраев өздерінің салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Ал, «Су ресурстары және ирригация министрлігінің су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмысы туралы» министрліктің суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының басшысы Қарлығаш Нұриханова баяндады. Ол өз баяндамасында суды үнемдеу технологиясына басымдық берді.
Мемлекет тарапынан су үнемдеу технологиясына байланысты қаржының көлемі артып отырғанын жеткізді. Бұл ретте егістікті жаңбырлатып, тамшылатып суарудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.