Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Студенттерді еңбекқор болуға шақырды

0 381

Еңбек адамның арманын орындап, қоғамның дамуына оң ықпал етеді. Еңбекпен табылған ақша да адамға тәуелсіздік береді. Тәуелсіздікті сақтап қалып, дамыған елдер қатарында болу үшін мемлекеттің экономикасы қуатты, қорғаныс қабілеті мығым, халқы сауатты және еңбекқор болуы шарт.

Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек ете білу дағдыларын дамыту мақсатында М.Әуезов атындағы кітапханада еңбек күніне орай «Қажырлы еңбекпен биікке жету» атты әдеби қонақжай өткізілді. Кеш қонақтары зейнет демалысындағы еңбек ардагерлері, Тараз қаласына еңбегі сіңген, қаланың Құрметті азаматтары – Адамбай Абдразақов пен Күләш Назарбекова Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің 2-курс студенттеріне «Еңбектің адамның өмірінде қандай маңыз бар?» деген сұрақ аясында өз ойларымен бөлісіп, жастарды еңбекті сүюге, ел игілігі үшін қызмет етіп, салауатты өмір салтын ұстанып, биіктерге ұмтылуға шақырды.
Жиын барысында сондай-ақ еңбек тақырыбы аясында мақалдар айтылып, мағынасы талқыланды. Еңбек ардагерлерінің құрметіне әннен шашу шашылды. Кітапхана қызметкерлері «Еңбек түбі – береке» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, Қ.Саржановтың «Толқынмен алысқан, балықшылар – арыстан», «Аралдың айтылмаған ақиқаты» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

Нұргүл МАЛИКОВА,
кітапханашы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.