Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Киіз үй» демалыс орны ашылды

0 279

Тоғызкент ауылының 8-мемлекеттік жылдық мерейтойына орай, «Киіз үй» сәулет өнерімен әрленген демалыс орны ашылды. Жаңа орын Тоғызкент – Тараз бағытында орналасқан. Келушілер мұнда бір сәт дамылдап, жанға сая табады. Түгіскен орта мектебінің 1977 жылғы түлектерінің бұл тартуы өзіндік ерекшелігімен есте қалып отыр.

Жаңа демалыс орынның ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, киіз үйдің қазақ халқы үшін маңыздылығын айтты. Мұнан соң Тоғызкент ауылдық округінің ардагері төрағасы Төленді Еркінов пен Тоғызкент ауылдық округінің 1977 жылғы мектебінің түлегі Сейітхан Құдайбергенов сөз сөйлеп, барша тоғызкенттіктерді мерекемен құттықтады.

«Киіз үй» сәулет өнерінің лентасын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, қоғамдық кеңес төрағасы Сахарап Қырғызбаев, ауыл ақсақалы Жансерік Майыров және ауылдың тумасы Есен Қарамолдаев салтанатты жағдайда қиды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.