Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараздағы мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды қабылдау тоқтатылды

0 288

Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 198а мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихандарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Жамбыл облысы бойынша филиалы хабарлады.
Бұған практикалық емтихандарды өткізу барысында пайдаланылатын құрал – жабдықтың істен шығуы себеп болды. Қазіргі уақытта қызмет көрсетуші ұйым жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Практикалық емтихандарды қабылдау қайта басталғаны туралы қосымша бұқаралық ақпарат құралдары және ресми дереккөздер арқылы хабарланатын болады.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңзыға алғыс білдіреміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.