Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жұртшылық көңілінен шыққан жәрмеңке

0 575

Тараз қаласындағы «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен кезекті жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеде Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері ұсынылды. Атап айтсақ, жалпы құны 12,3 миллион теңгені құрайтын 20,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары, оның ішінде 1 тонна тауық еті, 800 келі, 2 тонна сүт, 1 мың дана жұмыртқа, 200 келі тұз, 200 келі балық, 5 тонна ұн, 700 келі бал және 500 келі кондитерлік, 500 келі макарон, 10 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері сатылымға шығарылды.
Шарада қажетті тауарлар нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағада өткерілді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.