Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер: бизнесті жеңілдету және қолдау

0 234

Салық заңнамасын реформалау аясында әкімшілендіруді оңайлату, салықтық жүктемені азайту және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілуде.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелусіз арнайы салық режимі енгізіледі.
  • Табыс салығының мөлшерлемесі — 0%.
  • Тек әлеуметтік төлемдер — 4% көлемінде төленеді.
  • Есеп жүргізу және төлемдер мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнес субъектілері (ШОБ) үшін:

  • Жылдық табыс шегінің мөлшері 2,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
  • Қызметкерлер санына қойылған шектеу алынып тасталды.
  • Біріңғай салық мөлшерлемесі — 4%, маслихаттар шешімімен ±2% шегінде өзгертуге болады.
  • Қосылған құн салығын (ҚҚС) және әлеуметтік салықты төлеуден босатылады.
  • Есептілік жылына екі рет тапсырылады.

Аграрлық сектор үшін:

  • Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктері мен преференциялар сақталады.
  • Бірыңғай жер салығы жойылады, бірақ қолданыстағы салықтық жеңілдіктер өз күшінде қалады.

Аталған реформа бизнеске түсетін салықтық жүктемені төмендетуге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға және аграрлық секторды қолдауды сақтауға бағытталған. Жаңа Салық кодексі кәсіпкерлікті кеңейту мен экономикалық өсімді арттырудың маңызды құралы болмақ.

Гүлнұр Абдалиева,
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасы
басшысының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.