Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз

0 384

Құрметті қазақстандықтар!
1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн – біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп.
Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету – аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен елімізде қазан айы дәстүрлі түрде «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясы өткізіліп келеді.
Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артуда. Мемлекетіміз қарияларға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар.
Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезенді бастан өткізуде. Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылу мен мейірімге зәру. Осыған орай қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылымдардың өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.
Өз елінің патриоты ретінде акцияға бейжай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып, үлестеріңізді қосыңыздар!

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.