Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әдеби жұлдыздар ансамблі

0 254

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясымен бірлесе отырып, қазақ вальсінің королі атанған ән патшасы – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл және қазақ ән өнерін жаңа биікке көтерген композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің туғанына – 85 жыл толуына орай «Әдеби жұлдыздар ансамблі» атты еске алу кешін ұйымдастырды.

Еске алу кешінде музыка өнерінің майталмандарының өмір жолы, шығармашылығынан видеолар көрсетіліп, шығармаларының шығу тарихымен таныстырылды. Сондай-ақ Ш.Қалдаяқовтың өмір жолы туралы түсірілген «Ән аға» фильмінен үзінді көрсетіліп, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Өмір-өзен», «Арыстың жағасында» әндерін және Е.Хасанғалиевтің «Айналайын», «Айналдым елім» әндерін орындады. Сонымен қатар, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларады өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблінің бишілері «Тарту» және «Шаттық»  билерін орындады.

Кітапхана сөресіндегі Ұлы композиторлар туралы оқулықтардан көрме ұйымдастырылып, көрермендерге ұсынылды.

Еске алу кеші  Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.