Отбасы күніне орай Тараз қаласы №63 орта мектебінде «Саналы ата-ана – жауапты іс» ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жалпыұлттық құндылықтар негізінде мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайту, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін арттыру және саналы ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету болды.
Бағдарлама барысында:
▪️ата-аналарға психологиялық кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды;
▪️кәсіби бағдарға арналған тренинг өткізілді;
▪️«Саналы отбасы» тақырыбында викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды;
▪️кітапхана қызметкерлері «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесін ұсынды;
▪️оқушылар әндер орындап, әдеби композициялар оқыды.
Іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы өзара серіктестікті нығайтып, ортақ жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетті.
