Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік: мамандандырылған ХҚКО-да дөңгелек үстел өтті

0 905

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара филиалдың ұйымдастыруымен қауіпсіздік жөніндегі уәкілдің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел Мемлекеттік корпорацияның 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ашықтық пен айқындық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы негізгі мәселелер талқыланды. Адалдыққа, әділдікке және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бір реттік шара емес, бұл тұрақты және жүйелі жұмыс. Біздің міндет – тек процестердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету ғана емес, әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін сезінуі мен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне төзбеушілігін қалыптастыру», – деп атап өтті филиалда.
Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтер көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады.
Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық фактілері анықталған жағдайда ақпаратты compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына немесе 1414 нөміріне хабарлауға болады.

А.НУРОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу
бойынша Тараз қалалық бөлімінің басшының м.а. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.