Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жаңа Құрылыс кодексі жыл соңына дейін қабылдануы керек — Президент

0 715

Құрылыстың барлық кезеңін толық есепке алуды қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан тұрғын-үй құрылысы саласына айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.

— Былтыр 19 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен бірге, құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларының (Building Information Modeling, BIM) көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолдану керек. Үкімет құрылыстың барлық кезеңдерін толық есепке алуды, жоспарлауды, оған мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу қажет. Ал жаңа Құрылыс кодексі осы саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына жол ашатын берік заңнамалық негізге айналуға тиіс. Құжатты жыл соңына дейін қабылдау керек. Депутаттардың бұл жұмысқа атсалысуын сұраймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.