Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс – Президент

0 118

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнайы құқықтық мәртебе беруді жүктеді.

– Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру. Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек. Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысының айтуынша, Алатау қаласына берілетін арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал.

– Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек. Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет, – деп толықтырды Президент.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.