Заң талабын қатаң сақтайық!

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттерінің бірі – жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету.

Осы мақсатпен облыстың мемлекеттік еңбек инспекторлары 2022 жылдың 4 айдың қорытындысы бойынша 61 тексерістер ашылып, 41 еңбек заңнамасын бұзушылық фактілері анықталып, оның бүгінгі күнге 38 орындалған немесе заңға сәйкестендірілді.
Тексерістердің қорытындысымен жұмыс берушілерге 23 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, аталған заң бұзушылықтар бойынша, жұмыс берушілерге жалпы құны 3 263 525 теңгені құрайтын 9 айыппұл салынып, 6 ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.
Жұмыстарды атқару барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындау мен оны бақылау тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы өндірістік жарақаттануға әкеп соғуда.
Есепті мерзімге облыс ұйымдарында 7 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 8 адам зардап шегіп, оның 3 адам өліміне әкеп соқтырды.
Әлеуметтік әріптестер мен жергілікті әкімдіктердің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде 532 жұмыс беруші 41942 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 28 пайызға арттырды.
Бүгінгі күнге кәсіпорындар мен мекемелер арасында жалақы көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру мәселесіне қатысты биылғы жылдың 4 айында 352 жұмыс берушідегі 1093 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылды.
Яғни көлеңкелі экономикадан шығарылып, еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Әлеуметтік тұрғыда да, медициналық әлеуметтік сақтандыру, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қатысушы ретінде еңбек өтілінің есептеуге мүмкіндік алып отыр.
Оның 118 ауыл шаруашылығы саласының, 594 қызмет көрсету саласының, 381 кәсіпорындардың жұмыскерлері.
Жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған ұжымдық шарттар қабылдау мәселесі де қатаң бақылауда, бүгінгі күнге облыс бойынша 99,6 пайызды құрап отыр.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-enbek?lang=kk ресми сайты жұмыс істейді. Мұнда құқықтық көмек үшін «сұрақ-жауап» айдары ашылған, мұнда еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарға жауап алуға болады.
Еңбек инспекциясымен жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, еңбек заңнамаларын бұзу фактілерін анықтауда бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтарды қабылдап, консультациялық көмек көрсетеді. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78.

Ж.Ж.Мұхатаева,
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мониторинг және құжаттама бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы

Comments (0)
Add Comment