43 азамат айыппұл арқалады

Биыл орман қорындағы жайылым нормасын төмендету бойынша конкурстық негізде 3,5 миллион теңге қарастырылып, жеңімпаз ретінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті танылған.

Ұсынылған материалдар нәтижесінде биылға «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізуге, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жолданған. Ағымдағы жылдың алғашқы 3 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғаларға 667 орман билеті беріліп, 447,1 мың гектар жайылымдық алқаптар босатылған екен. Оның ішінде шөп шабуға – 65, мал жаюға 599 орман билеті берілген. Сондай-ақ орман пайдаланудан жергілікті бюджетке шамамен 22,3 миллион теңге түсіп, қазынаны молайтуда. Өкінішке қарай, заң бұзушылардың қатары азаймай тұр. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 3 айының өзінде орманды қорғау, күзету бойынша 170 рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, рұқсатсыз шөп шабу мен мал жайып, заңды бұзғаны үшін 43 тұлғаға хаттама толтырылып, 1439,1 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Балық аулауға берілген квоталар жануарлар дүниесін пайдалануға да қарастырылған. Мәселен, 2021 жылдың 1 шілдесі мен ағымдағы дәл осы мерзіміне дейін жабайы аң-құстың 17 түріне аңшылық жасауға, 65 180 дарақ аулауға квота берілген.
Дегенмен табиғат пайдаланушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына және аң аулау ережелеріндегі аң аулау мерзімдеріне сәйкес уақытта ғана мылтық асынуға рұқсат екендігін де естен шығармаған абзал. Бүгінде 52 аңшылық алқаптың 38-і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, алдағы уақытта бос аңшылық шаруашылықтар конкурс арқылы үлестірілмек. Соған қарамай заңсыздыққа баратындардың қатары сиремей тұр. Атап айтсақ, осы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік орман қоры мен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы резервтік қорында 197 рейд жүргізіліп, аң аулау ережесін бұзу, балық аулау және балық қорларын сақтау ережелерін сақтамау фактілері бойынша 62 хаттама толтырылып, 516,2 мың теңге айыппұл салынған.

Жұматай Көксубайұлы

Comments (0)
Add Comment